• СӘЙКЕСТЕНДІРУ АКТІСІН
    ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ
  • БТҚ кез-келген уақытта алыңыз
  • БТҚ ТҮБІРТЕГІН ОНЛАЙН ТӨЛЕҢІЗ және төлемдер жайлы ақпаратты қараңыз
Қала бойынша қорларды қолдану көрсеткіштері




БТҚ құрамына кіретін қызметтер бойынша төлемдер мен алымдардың жалпы сомасы, млн тг


БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР "Астана-ЕРЦ" таңдағанда Сіз не аласыз?
"Астана-ЕРЦ" таңдағанда Сіз не аласыз?
БАРЛЫҚ КОММНУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ТҰТЫНУШЫҒА БІР ТҮБІРТЕК КЕЛЕДІ
Көптеген есеп айырысу кітапшаларының, түбіртектер мен тексерулердің болмауы.
Қолданылатын барлық қызметтер, өтемақы, мақсатты бағдарламалар, қайта есептеу, артық төлемдер және қарыз туралы ақпараттың БТҚ құрамында болуы.

ШОТТЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАНКТЕ ТӨЛЕУ МҮМКІНДІГІ
Тұтынушыларда шоттарды кез-келген банкте, интернет желісі, төлем терминалдары арқылы, пошта бөлімшелері арқылы төлеу мүмкіндігі бар.
Дамыған төлем құралдары, оның ішінде Интернет-банкинг және көлік төлемдерін реттеу мүмкіндігі. 
БАНКТЕ БІР ШОТ ҮШІН ҒАНА ҚОСЫМША ТӨЛЕМ ҰСТАЛАДЫ
Банк комиссиясын тек бір түбіртек үшін төлеу.
Уақытты үнемдейді.
Төлем жүйесінің үздіксіз дамуы.
ДАУЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ҮШІН ТЕК БІР ТҮБІРТЕКТІ САҚТАУ ҚАЖЕТ
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне ақы төлеу кезінде «бір терезе» қағидатын іске асыру.
Есептегіш құралдардың көрсеткіштерін берудің кеңейтілген мүмкіндіктері: Интернет, БТҚ түбіртектерінің алынбалы бөлігі, абоненттік қызмет телефоны.


Қызмет көрсететін ұйымдар
Сіздің тұрғын үйіңізге қандай ұйымдар қызмет көрсететін біліңіз
Қажет ұйымды табыңыз
ЖАҢАЛЫҚТАР




ТОП 10 сұрақ


Көрсеткіштерді беру
  • • Су есептегіш құралы үшін:
    «Астана Су Арнасы» МКК Call-орталығы 1302, 270-370. astanasu1302@gmail.com, 1302@astanasu.kz
  • • Электр және ыстық су есептегіш құралдары үшін:
    «Астанаэнергосбыт» ЖШС Call-орталығы - 91-88-88, 91-83-33. www.astanaenergosbyt.kz
  • • Газ есептегіш құралы үшін:
    «Астана қаласының орталық газбен жабдықтау» ЖШС-нің 69-58-49 Call-орталығы. Электронды поштаға pokazaniegaz@mail.ru. Хабарласа алмаған жағдайда түбіртекті тұтынушы өзі толтырады.
  • БТҚ қайда төлеуге болады?
  • Төлем жүргізудің бірінші тәсілі: екінші деңгейдегі банктердің Интернет-банкингі арқылы. «Астана-ЕРЦ» компаниясымен шарттық қатынастары бар банктер тізімі:

    «АТФБанк» АҚ
    «Казкоммерцбанк» АҚ
    «Еуразиялық банк» АҚ
    «Kaspi» АҚ
    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

  • Төлем жүргізудің екінші тәсілі: екінші деңгейлі банктердің кассалары арқылы.
    Банктер тізімі:
    «Нұрбанк» АҚ
    «Казкоммерцбанк» АҚ
    «АТФБанк» АҚ
    «Қазпочта» АҚ «Астана почта байланысы» АҚ
    «Цеснабанк» АҚ
    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
    «Эксимбанк» АҚ

  • Төлем жүргізудің үшінші тәсілі: Екінші деңгейлі банктердің төлем терминалдары арқылы төлеу.
    «Казкоммерцбанк» АҚ
    «Еуразиялық банк» АҚ – уақытша қабылдамайды, қателіктер түзетілуде
    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
    «Эксимбанк» АҚ
    «Қазақстанның киберплаты» ЖШС
    «Astana Plat» ЖШС (Касса 24 сауда маркасы)
    «QIWI Kazakhstan» ЖШС
  • Пәтерді қайта тіркеу (жаңа пәтердің/үйдің иесі )
    ТАӘ, тұрғандар саны бойынша деректерді өзгерту үшін коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жүгіну қажет, өзіңізбен меншік иесінің жеке куәлігі, пәтердің меншіктігін растайтын құжаттар болуы тиіс.

    Қызмет жеткізушілерінің мекен-жайы:

    «Астанаэнергосбыт» ЖШС:
    Абай даңғ. 45,
    Қ. Мұңайтпасов к. 6,
    Абылай хан даңғ., 49,
    Жеңіс даңғ. 51/1,
    Мыңарал к. 3,
    Тұран даңғ. 19/1,
    Сарайшық к. 9

    «Астана Су Арнасы» МКК:
    Циолковский к. 1,
    Бөгенбай даңғ. 50,
    Қ. Мұңайтпасов к. 8/1
    Отырар к. 5
    Сауран к. 7г

    «Clean City NC» ЖШС:
    Сауран к. 7, ВП-2,
    Отырар к. 5,
    Қ. Мұңайтпасов к. 8/1,
    Бөгенбай даңғ. 50
    Қате төлем
    Қателесіп бөгде түбіртектекті төлеген немесе сомалардың дұрыс емес жіктелуі жағдайында, төлем жасалған күні дереу, төлеу күшiн жою туралы Банктің Call-орталығына (Интернет-банкинг арқылы төлем жасалған кезде), түбіртекте көрсетілген нөмір бойынша терминалдық компанияның сервистік қолдауына (терминалдар) немесе төлем қолма-қол ақшамен жасалған болса Банк бөлімшесіне мәлімдеме жасау керек.

    Егер Банктің немесе терминал компаниясының төлемді жоюға немесе өзгерістер енгізуге мүмкіндігі болмаса, онда қате аударылған сомаларды қайтару туралы мәлімдемемен қызметтерді жеткізушілермен тікелей байланысу қажет. Өзіңізбен жеке куәлігіңіз, қате төлем жасалғанын растайтын чек немесе түбіртек және жеке шотына қате төлем жасалған абоненттің жазбаша келісімі болуы керек.

    Екінші деңгейлі банктердің Call-орталықтары:

     Екінші деңгейлі банк с мобильного: 
     «АТФБанк» АҚ  24-24
     АҚ «Қазақстан Халық Банкі»  8- 8000 8000-59
     «Цесна» АҚ  77-11
     «Казком» АҚ  71-11
     «Forte Bank» АҚ  75-75
     «Қазпочта» АҚ  14-99
     «Нұрбанк» АҚ  25-52
     «Еуразиялық» АҚ  

     77-22

     «Каспи» АҚ  99-99


    Қызметтер бойынша дұрыс емес есептеулер
    Бірыңғай төлем құжатында қызметтерді басып шығару қызметтерді ұсынушы ұсынған деректер негізінде жүзеге асырылады, сұрақтар туындаған жағдайда, қызмет жеткізушісіне тікелей хабарласыңыз.
    БТҚ құрамынан қызметті алып тастау
    Қызметті бірыңғай төлем құжатынан алып тастау үшін, тұтынушы жылжымайтын мүлікке иелігін растайтын және жеке басын куәландыратын құжаттарды, жазбаша өтінішпен бірге тікелей қызмет жеткізушісіне хабарласуы керек.
    БТҚ қайдан алуға болады?
    Сіз, біздің сайтымыздан, өзіңіздің жеке кабинетіңізден БТҚ жүктей аласыз.
    Егер сіз түбіртекті жоғалтсаңыз, Отырар к. 5 мекен-жайындағы абоненттік бөлімшеден түбіртек көшірмесін ала аласыз,өзіңізбен меншік иесінің жеке куәлігі болуы тиіс.
    Төленген төлем ағымдағы айдың түбіртегінің «төлем» бағанында көрсетілмеген
    Бірыңғай төлем құжаты ағымдағы айдың 25-не дейін төленуі тиіс, одан кейінгі төлем келесі айдың түбіртегінде көрсетіледі.
    БТҚ жеткізу
    БТҚ мекен-жайға жеткізу айына бір рет жүзеге асырылады.
    БТҚ электрондық мекен-жайға алу
    БТҚ электрондық мекен-жайға алу үшін «Астана-ЕРЦ» ЖШС Отырар к. 5, мекен-жайында орналасқан абоненттік бөлімшесінде өтініш жазуыңыз қажет, өзіңізбен жылжымайтын мүлікке иелігін растайтын құжаттарыңыз болуы абзал, немесе жеке кабинетіңіз арқылы өтініш бере аласыз.