Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
«Астана-ЕРЦ»-дегі 15 жыл: алғашқы қадамнан бас директор қызметіне дейін
15 лет в «Астана-ЕРЦ»: путь от оператора до генерального директора
«Астана-ЕРЦ»-дегі 15 жыл: алғашқы қадамнан бас директор қызметіне дейін

Менің «Астана-ЕРЦ»-дегі еңбек жолым 2011 жылы, студент кезімде басталды. Төртінші курста өндірістік тәжірибеден өту үшін осы компанияға келдім. Сол күннен бастап кәсіби жолым «Астана-ЕРЦ»-мен тығыз байланысты болды.

Осы 15 жыл ішінде компанияның әртүрлі бағыттарында еңбек етіп, бірнеше қызмет атқардым. Еңбек жолымды абоненттік бөлімнің операторынан бастадым. Ол кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтінбіз.

Кейін жеткізушілермен жұмыс жөніндегі маман қызметіне ауыстым. Бұл кезеңде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және домофон қызметтерін көрсететін ұйымдармен жұмыс істедім. Одан кейін бөлім басшысы, Өндіріс департаментінің директоры, бас директордың орынбасары қызметтерін атқардым.

Ал 2025 жылдың маусым айынан бастап «Астана-ЕРЦ» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарып келемін.

Бұл қызметті атқару – мен үшін үлкен жауапкершілік. Бұл жауапкершілік тек компания ұжымының алдында ғана емес, қала тұрғындары мен коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың алдында да бар.

Менің ойымша, белгілі бір бағытқа жауапты болып, туындаған мәселелер туралы ашық айтып, халықтың сұрақтарына жауап беретін адамға сенім арту әлдеқайда жеңіл.

Сондықтан бүгіннен бастап осы парақшаны өзім жүргізуді қолға алуды жөн көрдім. Бұл парақша әр тұрғынға жеке жауап беретін алаң емес. Ең алдымен, халықпен ашық диалог орнатуға арналған кеңістік болады.

Мұнда тұрғындардан қандай сұрақтар мен өтініштер түсетінін, оларды қандай мәселелер алаңдататынын саралап, ең бастысы – адамдарға қалай көмектесе алатынымызды талқылайтын боламыз.


Добавлено: 13.08.2026