˅
  • KZ
  • RU
Наши контакты
Фронт-офис iKomek QALA QYZMET.KZ 109:
г.Астана, улица Азербайжана Мамбетова 24, БЦ Аффари, 1 этаж.
Время работы: в будние дни с 09:00 до 20:00 часов. Без перерыва на обед.
Суббота, Воскресенье – выходные.

Представительства iKomek QALA QYZMET.KZ 109:
г.Астана, проспект Кабанбай батыра 33, здание акимата района Есиль;
г.Астана, проспект Тауелсіздік 7, здание акимата района Алматы.
Время работы: в будние дни с 09:00 до 18:00 часов. Обед с 13:00 до 14:30 часов. Суббота, Воскресенье – выходные.

Для получения консультации и информации Вы можете позвонить в Единый контакт-центр iKomek по номеру:  109.

Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Кондоминиум объекті

Құрметті оқырман! Бүгін біз сіздерді кондоминиум объектісіне қатысты кейбір мәселелермен, атап айтқанда заңды бөлігімен таныстырамыз.

*кондоминиум объектілеріне сіздің  үйіңізге қатыстының барлығы – лифт, шахталар, қоймалар, шатыр, лоджиялар, балкондар және өзгелер жатады.

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 42-1-бабына сәйкес).

Шешім қабылдауға жиналыс, егер оған келесілер қатысса құқылы (қарастырылып отырған мәселенің санатына байланысты):

- пәтер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының жартысынан астамы;

- пәтер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы.

Шешім келесі жағдайда қабылданады (қаралатын мәселенің санатына байланысты):

- дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде;

- пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде.

Мысалы, жиналыстың құзыретіне жататын жекелеген мәселелер бойынша, оның ішінде нысаналы жарналарды жинау және олардың мөлшері, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, тұрақ орнын күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерін бекіту туралы шешімдер қабылдау пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының қатысуын талап етеді, және шешім пәтер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде де қабылданады.

Жиналыс келесі нысандарда өткізілуі мүмкін:  

1) келу тәртібімен өткізілетін ашық ерік білдіру жолымен;

2) жазбаша сауалнама арқылы;

3) ақпараттандыру объектілері арқылы талқылау және дауыс беру жолымен өткізілуі мүмкін. (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарына сәйкес (бұдан әрі -нысандар)).

Бұл ретте қағидаларда жиналыс хаттамаларының, келу тәртібі және жазбаша сауалнаманың дауыс беру парақтарының міндетті түрде ұстануға қажетті үлгілік нысандары да көзделген.

Жиналыста қабылданған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың БАРЛЫҚ МЕНШІК ИЕСІ ҮШІН міндетті болып табылады.  Жазбаша сауалнама парақтары жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, тігіледі және нөмірленеді.

Жиналыста қабылданған, хаттамамен ресімделген шешімдер сотта, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда даулы және өзге де мәселелерді қараған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің еркін білдіруі түріндегі құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.

МАҢЫЗДЫ! Заң мен ережелер пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлары иелерінің жиналысында ОНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ ЕМЕС (кіреберістер, блоктар, секциялар), БҮКІЛ КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ қатысуын көздейді. Қазіргі уақытта көппәтерлі тұрғын үйдің жекелеген құрамдас бөліктерінің (кіреберістердің, блоктардың, секциялардың) пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен дербес шешімдерін қабылдауы Заңда және Қағидаларда көзделмеген.


Добавлено: 26.12.2022