˅
  • KZ
  • RU
Наши контакты
по услугам для физических лиц
(по коммунальным услугам):
г. Астана, ул. Сакен Сейфуллина 27 QALAQYZMET.KZ, центр городских услуг, тел. 109

по услугам для юридических лиц:
г. Астана, ул. Мамбетова, д.24, БЦ "Аффари"

Канцелярия:
E-mail: secretary@aerc.kz

Для юридических лиц :
E-mail: epd@aerc.kz
Техническая поддержка :
WhatsApp технические вопросы: +7-777-003-3013
Справочно-информационная служба: Тел: 109
Время работы: Круглосуточно
Без выходных.

Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
«Астана-ЕРЦ» ЖШС сотта жеңіске жетті!
«Total.kz» интернет-порталында, және одан кейін бірқатар басқа да интернет ресурстарда, «Астана-ЕРЦ» ЖШС туралы шындыққа мүлдем жанаспайтын ақпарат таратылды.
Басылым, «Астана-ЕРЦ» ЖШС елордалық тұтынушыларға 1,5 миллиард теңге қайтаруы тиіс» деген атаумен жарық көрді. (Біле тұра жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Астана-ЕРЦ» ЖШС ақшалай қаражатты өтеу міндеті туралы материал жарияланған болатын, онда дұрыс емес ақпарат келтірілген. Дәйексөз: «Қазір басты сұрақ: «Астана-ЕРЦ» ЖШС осы 1,5 миллиард теңгені қашан және қалай өтейді?». Интернет-порталмен жариялаған ақпарат тексерілмеді және қате жеткізілді, бұл компанияның беделіне нұқсан келтірді.

1 545 797,9 мың теңге ретінде көрсетілген сома алынбаған табыс ретінде анықталды. Ал бұл Астана-ЕРЦ өз қызметі үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нен бұл қаражатты алмағанын білдіреді. Одан әрі, бұл шығындар тарифке енгізілмеген. Осылайша, тұрғындар оларды төлемеді және аталған қаражатты үнемдеді. Астанаэнергосбыт өз кезегінде көрсетілген қызметтерге түбіртектерді жеткізу бойынша көмек көрсетті.

Мемлекеттік аудитпен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нен осы соманы өндіріп алу мәселесі қойылды. 1 545 797,9 мың теңге ретінде көрсетілген сома Астанаэнергосбыт тарифіндегі шығыстарды қосу жолымен елорда тұрғындарына жатқызылуы мүмкін еді. Бұл жағдайды болдырмау және тұтынушылардың мүддесі үшін әрекет ете отырып, Астана-ЕРЦ апелляциялық шағым түсірді. Және сотта жеңіске жетті!

Айта кетейік, бүгінгі күні «Астана-ERC» компаниясы осы жалған ақпараттың негізгі көзі болып табылатын М.С.Бөлекбаевқа қатысты жоғарыда көрсетілген жалған ақпаратты жоққа шығаруды талап етіп сотқа жүгінген.

Отандық БАҚ өкілдерінен тексерілген ақпаратты жариялауды, ал азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұраймыз.

«Астана-ЕРЦ» ЖШС Бас директорының орынбасары Серік Амангелдинов Jibek Joly TV үшін толық сұхбат берді (https://www.youtube.com/watch?v=gV4Hccew6Ys)

Добавлено: 11.10.2022