˅
  • KZ
  • RU
Наши контакты
по услугам для физических лиц
(по коммунальным услугам):
г. Астана, ул. Сакен Сейфуллина 27 QALAQYZMET.KZ, центр городских услуг, тел. 109

по услугам для юридических лиц:
г. Астана, ул. Мамбетова, д.24, БЦ "Аффари"

Канцелярия:
E-mail: secretary@aerc.kz

Для юридических лиц :
E-mail: epd@aerc.kz
Техническая поддержка :
WhatsApp технические вопросы: +7-777-003-3013
Справочно-информационная служба: Тел: 109
Время работы: Круглосуточно
Без выходных.

Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Қала тұрғындары назарына!
Памятка для жителей города!

     Ашық терезелер мен желдеткіштер маусымы – жылы күндердің келіп жетуімен қатар – қала тұрғындарына балалар қауіпсіздігі туралы ескертеміз.

     Терезенің сыртында температура көтерілген сайын, тұрғындар бөлмелерді жиі желдетуге құлшынады. Үйде кішкентай балалармен бірге бола тұра, олар жиі терезенің ашық екенін ұмытады және бұл жағдай олардың балаларының өміріне тікелей қауіп болып табылады.

     Терезеден құлау балалар жарақатының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Және көбінде осындай терезеден құлау оқыс жағдайлары шыбын-шіркейден қорғайтын торлармен байланысты. Олар балаларды құлаудан қорғау үшін арналмаған! Бала шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйене отырып, онымен бірге құлайды. Көбінесе балалар ауыр жарақат алады, бұл ұзақ емдеу мен қалпына келтіруді талап етеді.

     Көптеген оқыс жағдайлар балалардың жанында ересек адамдардың болмауы кезінде немесе бала қауіпсіздігіне бейжай қарау салдарынан туындайды.

      Қала тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін бұзбауға, сақтық шараларын мүмкіндігінше қатаң қадағалауға шақырамыз, сонымен қатар кішкентай балаларды өздерінен үлкен, бірақ ересектердің бақылауын қажет ететін аға-әпкелерімен қалдырмауларыңызды сұраймыз.

     Есіңізде болсын, сіздің балаңыздың өмірі өзіңіздің қолыңызда!


Добавлено: 06.06.2018