˅
  • KZ
  • RU
Наши контакты
Фронт-офис iKomek QALA QYZMET.KZ 109:
г.Астана, улица Азербайжана Мамбетова 24, БЦ Аффари, 1 этаж.
Время работы: в будние дни с 09:00 до 20:00 часов. Без перерыва на обед.
Суббота, Воскресенье – выходные.

Представительства iKomek QALA QYZMET.KZ 109:
г.Астана, проспект Кабанбай батыра 33, здание акимата района Есиль;
г.Астана, проспект Тауелсіздік 7, здание акимата района Алматы.
Время работы: в будние дни с 09:00 до 18:00 часов. Обед с 13:00 до 14:30 часов. Суббота, Воскресенье – выходные.

Для получения консультации и информации Вы можете позвонить в Единый контакт-центр iKomek по номеру:  109.

Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Қаланың барлық тұрғындарын түбіртектерді электронды жеткізуге жазылуға шақырамыз.
Электронная рассылка

Бір жыл ішінде "Астана-ЕРЦ" ЖШС қала тұрғындарын қағаз түбіртектермен қамтамасыз ету үшін 1270 ағаштың басын кеседі. Орташа есеппен, бір өнеркәсіптік ағаштан - қайың, емен, шырша - әрқайсысында 500 парақ болатын 17 қағаз бумасын алуға болады. Қағазды пайдасыз қолдану - ағаштардың, тіпті ормандардың жойылуына әкеліп соғады.

Елордалықтардың коммуналдық қызметтерді төлеуі немен байланыстырылады? Ең бірінші ойға келетіні, - бұл пошта жәшігіндегі түбіртектер, есепке алу құрылғыларынан көрсеткіштерді алу және кейіннен поштаға немесе банкке бару - сөзсіз кезек және уақыттың жұмсалуымен болатын көрініс.

Алайда соңғы жылдары коммуналдық қызметтерді төлеумен байланысты жағдай қарқынды өзгере бастады. Бүгінде тұтынушылардың 70%-ы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді онлайн төлеуді қалайды. Ал қалған 30%-ы ғана өз кезегін ұзақ күткеннен кейін ғана төлем жүргізуге мүмкіндік алатын касса қызметтерін пайдаланады. Осы көрсеткіштерге қарағанда, халықтың 70%-ына қағаз түбіртек қажет емес, бірақ оны алуын жалғастыра береді. Содан кейін оны қоқысқа тастайды, ал ең нашар жағдайда пошта жәшігінен алып та шығармайды. Халықтың тек 5%-ы ғана электронды түрде түбіртек алады, ал қалған 95%-ы қағаз түбіртектен бас тартпайды, бірақ онлайн түрде төлейді. Осыған байланысты, біз қаланың барлық тұрғындарын түбіртектерді электронды түрде жеткізуге жазылуға шақырамыз.

Осы мақсатта "Астана-ЕРЦ" ЖШС электронды түбіртектерге көшу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Электрондық түбіртектерге ауысудың екі жолы бар. Бірінші әдісі - www.aerc.kz сайтында жеке кабинет арқылы өтініш беру немесе Отырар к-сі, 5 үй мекен-жайында орналасқан абоненттік бөлімшесінде өтініш қалдыру.

Екінші әдіс - компанияның бақылаушысы арқылы өтініш беру. Қазіргі уақытта біздің бақылаушылар тұтынушыларды электронды жеткізулер туралы ақпарат жариялап және осы қызмет бойынша өтініштерді қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Тек пәтер иесі ғана түбіртектің электронды жеткізілуіне жазылуға құқылы, бақылаушы өтініш иесінің ЖСН-ын меншік иесінің деректерімен салыстыру үшін талап етеді. Коммуналдық қызмет көрсетушілерден алынған мәліметтер дұрыс емес болған жағдайда, аты-жөні бойынша тексеру көп жағдайда сәтсіз аяқталады. Бірақ, ең алдымен, біздің қызметші міндетті түрде қызметтік куәлігін ұсынады. Толыққанды сенімді болу үшін, 77-13-04 нөмірі бойынша қызметкерлерді басқару маманына қоңырау шалып, осы адам шынымен біздің қызметкеріміз екендігіне көзіңізді жеткізе аласыз.

Заманға сай әлемде қаламыздың барлық тұрғындарын табиғатты қорғап, инновациялық технологияларды қолдануға шақырамыз!


Добавлено: 06.02.2019