Барлық жаңалықтар
«Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметкерлері ЭКСПО-ға барды

«Астана-ЕРЦ» ЖШС-нің 20-дан астам қызметкерлері, соның ішінде контролерлер, «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін аралады.
Көрмеде контролерлар «Нұр Әлем» ұлттық павильонын, халықаралық павильондарды тамашалады. Олардың көпшілігіне әртүрлі елдерде қолданылатын, қалдықсыз өндіріс тәжірибесі ерекше әсер етті.
«ЭКСПО-2017» көрмесінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетістіктер және қоршаған ортаның экологиялық тазалығы, пайдалану шығындарының төмен болуы және экологиялық қауіпсіздік сияқты артықшылықтары айқын танытылған.
«ЭКСПО-2017» көрмесіне барған «Астана-ЕРЦ» ұжымы әріптестеріне өздерінің көрген нәрселері туралы ерекше әсерлене суреттеуде: ұлттық бояулармен толтырылған қызықты павильондар; әртүрлі елдердің резиденттерінің елордамызда қонақта болуы және олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі; іс-шараның лайықты деңгейі туралы.
«Қазақстан үшін ЭКСПО - ұлттық беделге айналады, сондықтан біздің қызметкерлеріміз ауқымды іс-шарадан тыс қалмағанына қуаныштымын», - деді «Астана-ЕРЦ» ЖШС Бас директоры Самат Абдуллин.
Добавлено: 07.09.2017