˅
  • KZ
  • RU
Наши контакты
по услугам для физических лиц
(по коммунальным услугам):
г. Астана, ул. Сакен Сейфуллина 27 QALAQYZMET.KZ, центр городских услуг, тел. 109

по услугам для юридических лиц:
г. Астана, ул. Мамбетова, д.24, БЦ "Аффари"

Канцелярия:
E-mail: secretary@aerc.kz

Для юридических лиц :
E-mail: epd@aerc.kz
Техническая поддержка :
WhatsApp технические вопросы: +7-777-003-3013
Справочно-информационная служба: Тел: 109
Время работы: Круглосуточно
Без выходных.

Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
«Астана-ЕРЦ» ЖШС қызметкерлері «Астана-Энергия» АҚ жұмысымен танысты
Работники ТОО «Астана-ЕРЦ» ознакомились с работой АО «Астана-Энергия»
Негізгі міндеті - есеп айырысу жүйесін жетілдіру және коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді жинау болып табылатын «Астана-ЕРЦ» ЖШС коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің жұмысына үнемі қызығушылық танытады. Бүгінгі күні «Астана-ЕРЦ» ЖШС 270 мыңнан астам дербес шоттарға қызмет көрсетеді және 527 қызмет жеткізушілермен жұмыс жасайды. Компанияда 137 адам қызмет атқарады, олардың 69-ы жеткізу бөлімінің контролерлері.
Барлық коммуналдық қызметтер түйінінде қызмет атқаратын ЖШС-тің қызметкерлерлері барлық бизнес-процестерді түсіну қажет, соның ішінде сату және электр мен жылу энергиясын тұтынушыға тасымалдауды қоса алғанда.
Астана қаласының ЖЭО-1 және ЖЭО-2 сапары барысында ЖШС қызметкерлері электр және жылу энергиясын өндіру процесімен танысты: қонақтарға барлық негізгі цех станциялары, отын қоймалары және көмірді вагондардан түсіру процесстері көрсетіліп, аумақ бойынша экскурсия жүргізілді. Бүгінгі таңда станцияларда стандартты 20 күндік отын қоры қалыптасқан. «Астана-Энергия» АҚ көмір қоры 351 806 тоннаны құрайды, оның ішінде, ЖЭО-1 36.766 тонна, ЖЭО-2 - 315 040 тонна.
«Сапарымыз өндірістегі шешілетін міндеттердің ауқымы мен маңыздылығын бағалауға, жылу мен энергия өндірудің барлық процесстерін басқару жүйесімен танысуға мүмкіндік берді. ЖЭО-да біздің қызметкерлеріміз өз көздерімен жабдықтың құрылымын ғана емес, оның бөліктерін, сондай-ақ өндіріс көлемін, барлық технологиялық тізбекті көрді. Бұл тұтынушыларға электр және энергия коммуникациясын жеткізу үшін, біздің ортақ жұмыс процесіміздің сапасына оң әсер етеді, нәтижесінде, тұтастай процесс туралы түсінік береді», - дейді «Астана-ЕРЦ» Бас директоры Асет Бегалиев

Добавлено: 18.09.2017