Барлық жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Домофон компанияларының өкілдерімен жұмыс кездесуі

2026 жылғы 3 қарашада «Астана ЕРЦ» компаниясында домофон компанияларының өкілдерімен домофондық байланыс қызметтерін бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) енгізу және өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар домофон қызметтері үшін төлемдерді есептеу тәртібін, есептелген сомалар мен төлемдердің бірыңғай төлем құжатында дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.

Тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және қосымша қызметтер үшін төлем жасауды барынша ыңғайлы етуге ерекше назар аударылды.

«Астана ЕРЦ» елорда тұрғындары үшін төлемдерді есептеу және төлеу жүйесін түсінікті, ашық әрі қолайлы ету мақсатында қызмет көрсетуші ұйымдармен өзара іс-қимылды дамытуды жалғастыруда.








Добавлено: 03.11.2026