Серіктестік негізіндегі Бірыңғай Төлем Құжаты коммуналды қызметтерді Жеткізушілер берген деректер негізінде құралады, сәйкесінше бұндай деректердің толықтығы мен нақтылығына тікелей коммуналды қызметтерді Жеткізуші жауап береді

Құрметті тұтынушылар мен коммуналдық қызметтерді ұсынушылар!

“Астана - ЕРЦ” ЖШС 2017 жылдың қаңтар айында көрсетілген қызметтер үшін ақпан айының шот-түбіртектерін жеткізу мерзімі техникалық себептерге байланысты ұзартылатыны жөнінде ескертеді.

         Алайда, “Астана - ЕРЦ” ЖШС тұтынушылардың кезекті коммуналдық және басқа да төлемдерді жүзеге асыруы үшін шот-түбіртектердің тезарада жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-әрекеттерді орындайды.

         Сонымен қатар, тұтынушы ешбір тіркелусіз www.bill.aerc.kz интернет-ресурсынан шот-түбіртектерін алудың және ағымдағы айдың түбіртегін басып шығарудың балама әдісінің бар екендігі жөнінде хабарлайды. Сондай-ақ, БПҚ Астана қ. екінші деңгейлі банктерінің интернет-банкингі арқылы және төлем төлем терминалдарынан шот-түбіртектің жазбаша нұсқасынсыз төлеу мүмкіндігі бар.

         “Астана - ЕРЦ” ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және болашақта бұл жағдайдың қайталанбауын қадағалайды.

        

 

“Астана - ЕРЦ” ЖШС әкімшілігі