Серіктестік негізіндегі Бірыңғай Төлем Құжаты коммуналды қызметтерді Жеткізушілер берген деректер негізінде құралады, сәйкесінше бұндай деректердің толықтығы мен нақтылығына тікелей коммуналды қызметтерді Жеткізуші жауап береді

БЕО туралы

Серіктестік туралы мәлімет

«Астана – БЕО » ЖШС - коммуналдық қызметтер үшін төлемдерін жинау және есеп айырысу жүйесін жетілдіру негізгі міндетімен мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Тұтынушыларға коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай есеп айырысу орталығын құру бойынша 2008 жылы 12 тамызда «Астана – БЕО » ЖШС Астана қаласы іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылған. Штаттық құрамы 137 адамнан тұрады.

Біз жасайтын іс-шаралар

«Астана-БЕО » ЖШС-нің негізгі міндеттері - жеткізушілер, тұтынушылар мен банктер туралы деректерді қамтитын коммуналдық шаруашылығын бірыңғай деректер базасын құру және сумен жабдықтау және кәріздендіру қызметтері, жылу, электр, ҚТҚ шығару, телефон, интернет, лифт басқару, эксплуатациялық шығындар, домофон және т.б. сондай 30-дан астам түрлерді қамтитын Бірыңғай Төлем Құжатын (БТҚ) қалыптастыру болып табылады. Жыл сайын тұтынушыларда жер салығы мен меншік салығын бір түбітекпен төлеуге мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта, серіктестік 250 мыңнан астам дербес шоттар бойынша қызмет көрсетеді және 400-ден астам қызметтерді жеткізушілермен жұмыс істейді.

Біздің жұмыс қағидаларымыз

Біз тұрғын үй-жайлардың, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін басқарушы компаниялар, қызмет көрсетушілер мен олардың абоненттері арасында есептеу, тәртіппен заңды толық сақталуга қағидаттарына негізделуі болып табыламыз.